Жылжымайтын мүлікті жалға беруден түстен табыс бір жылда 320 млрд теңгеге өсті

Жарияланды
Жалға беруден тұскен табыс артып келеді. Фото: Радиоточка

Қазақстанда түрғын үйді жалға беруден түскен кіріс бір жылда 320 миллиард теңгеге өскен, деп жазады Бірінші несие бюросы.

ҚР ҰСБ деректері бойынша 2022 жылы жалға беру және мүлікті басқару саласында көрсетілген қызмет көлемі 1 трлн 242,9 млрд теңгені құраған. (экономиканың бақыланбайтын секторының көлемі есепке алынбаған). Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 35 пайызға артық.

Бір қызығы, 2022 жылғы кіріс 2020 жылғы деңгейден (1 триллион 219,1 миллиард теңге) аса айырмашылығы жоқ. Ал 2020 жыл локдаун мен карантинмен есте қалғаны белгілі.

Бұл жерде жылжымайтын мүлікті жалға беруге пәтер ғана емес, сонымен қатар қойма, сауда орындары, кеңсе және т.б. кіретінін түсіру керек. Деме негізгі кіріс – 1 триллион 121,1 миллиард теңгені кәсіпорындар қамтамасыз етуі мүмкін.

Өткен айда ұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендеу тенденциясы байқалып,  алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда баға 2,5%-ға  төмендеген.

Сондай-ақ оқыңыз