Жаңалықтар

FlyArystan әуекомпаниясы Астана әуежайдағы жанжалға қатысқан барлық жолаушыларды жауапқа тартпақ

Фото:avia.tips

FlyArystan әуекомпаниясы 2023 жылы 25 ақпанда Астана әуежайындағы жанжалға қатысқан барлық жолаушыларды жауапқа тартпақ. Бұл туралы FlyArystan баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, 25 ақпанда әуекомпанияға қатыссыз себептерге байланысты (Шымкент әуежайындағы ұшып-қону жолағы жұмысының шектеуіне байланысты) Астана-Шымкент бағытында ұша алмай қалған жолаушылар жанжал шығарды, олардың екеуі әкімшілік жауапқа тартылып, әкімшілік жазаға сәйкес ҚР 434 бабына және 73 баптың 1 бөліміне сай (соққыға жығылу) айыппұл төледі.

Әуекомпания екі жолаушының ғана жазаға тартылу шешімімен келіспейді және де жанжалға қатысқан барлық жолаушыларды тартуды көздеп отыр.

Әуекомпания Шымкент қаласына жиі кешіктіріліп ұшатын немесе ұша алмай қалған рейстер үшін өкініш білдірді. Олардың басты себебі – ауа-райы қолайсыздығына байланысты.  Сонымен қатар ұшу қауiпсiздiгiне әсер ететiн жасанды кедергiлердiң (ғимараттардың) пайда болуына байланысты оның уақытша жабылуына байланысты ҰҚЖ-ның қарама-қарсы жағына қону мүмкiн болмайтынына назар саламыз. 

FlyArystan әуекомпаниясының ұшу эксплуатациясының директоры Темірхан Мұқашевтің сөзінше жоғарыда аталған фактілер ұшу қызметіне кері әсерін тигізуде. «Әуежайдағы ұшып-қону жолағының бір бағытының жабылуы 2022 жылдың жазында басталды.

Жолаушылар арасында бұл жағдай әлеуметтік шиеленісті арттыруда. Себебі оларға саяхатты жоспарлау қиынға түседі. Ал әуекомпанияның қаржылық жүктемесі артып, ол қосымша шығындарды көтеруге тура келеді (қайта қону, қосымша аэродромға кету, ұшып шығу аэродромына қайтып оралу, рейсті орындамау және т.б.), – деп ойымен бөлісті әуекомпания директоры.

Қазақстанда 1 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңнамада жаңартулар енгізіліп, әуекомпания жанжалқой жолаушыларды тасымалдаудан бас тартуға құқылы.

Бұдан былай тәртіп бұзушылар 50 АЕК-дан бастап айыппұл салынады. Сонымен қатар Заңды бұзған жолаушылар «қара тізімге» енгізілетін болады.