Кәсіпкерлікке заңсыз араласқандар жайлы QR-код арқылы хабарлауға болады

Жарияланды

Алматы қаласы мен Алматы облысының кәсіпкерлері өз жүмысына заңсыз аралсқандар жайлы прокуратураға арнайы QR-код арқылы хабар бере алады. Мұндай сигналдар автоматты түрде өңделіп прокуратураның мәліметтер базасына түседі, деп хабарлайды Бас прокуратура.  

Қажет болған жағдайда прокурор объектіге барып, мән-жайды анықтайды. Бұл ІТ -құралды Бас Прокурор мақұлдап, ол «Бизнесті қорғау» жобасының іс-шаралар жоспарына енгізілді.  

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің құқығы бұзылған жағдайда +7-702-629-75-61 (Бас прокуратураның мобильді тобы) немесе аумақтық прокуратура сайтында көрсетілген номерге хабарласа алады.

Жыл басынан Бас прокуратураның мобильді тобына кәсіпкерлерден 635 өтініш келіп түскен. Соның шінде 15 пайызы расталған.

 Жалпы, кәсіпкерлік саласындағы құқын бұзу бойынша прокурорлар 500 млн теңге сомасына 1,5 мыңнан астам әкімшілік өндірісті, уәкілетті органдардың 900 заңсыз тыйым салу және шектеу шараларын жойып, 112 адам жауапқа тартылды.  

Сондай-ақ оқыңыз