Малайзияда су тасқынынан 4 адам қаза тапты

Жарияланды
Фото:trt.net.tr

Малайзия халқы табиғат апатынан қатты зардап шегіп жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» сайты хабарлады.

Табиғи апаттан әсіресе Джохор штаты қатты зардап шегіп жатыр. Осыған байланысты жергілікті жұрт жаппай көшіріліп жатыр. Қазіргі таңда 40 мың тұрғынның эвакуацияланғаны белгілі. Су тасқынынан 4 адам қаза болды.

Билік өкілдері тұрғындарға барынша көмектесуге тырысып жатыр. Ол үшін үкімет 11 млн доллар бөлетін болды.

Сондай-ақ оқыңыз