Алматыда сот шешімі бойынша тротуарда және жалпыға ортақ жерлердегі бірнеше сауда нүктесі мен дәмхана сүріледі. Алматы қаласы әкімдінің баспасөз қызметі Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы бірнеше сауда нүктесі мен дәмхана сүрілетінін хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Төле би мен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы бұл аумақты кәсіпкер әкімдіктен жалға алған. Алайда, жалдау мерзімі біткен аяқталған ол жерді мемлекетке қайтарудан бас тартқан.
«Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы кәсіпкерді сотқа берді. 2021 жылдың қыркүйегінде ауданаралық экономикалық сот өз бетінше салынған ғимараттарды бұзып, жерді жалпы пайдалануға қайтару туралы шешім қабылдады» делінген хабарламада.
Алматы қалалық соты меншік иесінің талап арызын қараусыз қалдырған. Ақпаратқа сәйкес, бірінші сатылы соттың шешімі заңды күшіне енеді, ал ғимараттарды бұзу мерзімін сот орындаушысы тағайындайды.