«Астана» тауар биржасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылды
Жарияланды

«Астана» тауар биржасының қызметкерлері биржадағы мәмілелерге заңсыз қатысып отырған. Бұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратура органдарымен бірлесіп анықтады.
Ал «Тауар биржалары туралы» ҚР Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес, биржа қызметкерлеріне ондай мәмілеге қатысуға тыйым салынған.
БҚДА-дан алынған материалдар негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 268-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.
Істі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қарау қорытындысы бойынша, «Астана» тауар биржасына 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.
Шешім заңды күшіне енді.