«Астана» тауар биржасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылды

Жарияланды
Тауар биржасының қызметкерлері саудаға заңсыз қатысып келген. Фото: shutterstock.com

«Астана» тауар биржасының қызметкерлері биржадағы мәмілелерге заңсыз қатысып отырған. Бұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратура органдарымен бірлесіп анықтады.

Ал «Тауар биржалары туралы» ҚР Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес, биржа қызметкерлеріне ондай мәмілеге қатысуға тыйым салынған.

БҚДА-дан алынған материалдар негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 268-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Істі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қарау қорытындысы бойынша, «Астана» тауар биржасына 75 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Шешім заңды күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыз