Жоғары аудиторлық палата бірнеше министрлікті тексереді

Жарияланды
Биыл бірнеше министрлік тексеріледі. Фото: shutterstock.com

2022 жылы жалпы саны 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізіліп, аудиторлар 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы қалай жұмсалғанын тексерген. Биыл жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді.

Бүгін палата төрағасы Президентке Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді.

Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берген.

Былтыр жазда Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджетті бір жылға жоспарлауды ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз