Бір жылда микроқаржы ұйымдары 71,7 млрд теңге табыс тапты

Жарияланды

Микроқаржы ұйымдары бір жыл ішінде 71,7 млрд теңге табыс тапты. Бұл туралы DataHub ҚР Ұлттық Банкі деректеріне сүйене отырып хабарлады.

Микроқаржы ұйымдарының табысы 2021 жылмен салыстырғанда 13,6 млрд теңгеге немесе 23,5% – ға ұлғайды.

Бірақ барлық МҚҰ-дың жұмысы сәтті болған жоқ. Шығынға батқан МҚҰ-дың жалпы 25% – ын құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш шамамен бірдей болды – 26,4% болған. Сонымен қатар 9 микроқаржы ұйымы пайда да, шығын да көрсеткен жоқ.

Осылайша, МҚҰ-дың көбісі жақсы табыс таба бастады.

Сондай-ақ оқыңыз