Cирия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

Жарияланды
Сирия Президенті Башар әл-Асад Тоқаевқа алғыс айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты», деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түскен. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

«- Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта».

Сондай-ақ оқыңыз