Қазақстан Тәжікстаннан пияз сатып алатын болды

Жарияланды
Ерте көтемде Тәжікстаннан пияз жеткізіледі. Фото: shutterstock.com

Қазақстан маусымаралық кезеңде Тәжікстаннан пияз импорттайтын болды. ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев бастаған қазақстандық делегацияның Тәжікстанға жұмыс сапары барысында осындай келісімге қол қойылды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сапар аясында ҚР Бірінші вице-министрі Тәжікстан Үкіметі жанындағы экспорт агенттігінің басшысы Бахриддин Сироджиддинзодамен, Тәжікстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің бірінші орынбасары Ашурба Солехзодамен, сондай-ақ Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Нигина Анваримен кездескен. Келіссөздердің негізгі тақырыбы – қазақстандық нарықты алдағы маусымаралық кезеңде қажетті көкөніс- жеміс өнімдерімен қамтамасыз ету.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 1,4 млрд долларды құрады. Қазақстаннан Тәжікстанға экспорт көлемі 9,7%-ға артып, 877,6 млн долларға жетті.

Биыл пияз қатты қымбаттап, келісі 400 теңгеден асып кетті.

22 ақпан күні Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев «пиязсыз қалмаймыз» деп мәлімдеді. Министр пияз қоры шамамен 70 мың тоннаны құрайтынын, оның ішінде 30 мың тоннадан астамы Жамбыл облысында сақтаулы екенін айтқан.

Жыл басында пияз экспортына тыйым салынды. Қазақстан пиязын үш ай шетелге сатуға шектеу қойылды, Өйткені ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бұл өнімге деген сұраныс артқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз