Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Арасында күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар

Жарияланды
Фото: kursiv,media

Қарағандыда жүргізілген арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары болып, ҰҚТ мүшелерінен 9 атыс қаруы, 200-ге жуық оқ-дәрі, гранатомет, тротил, гранаталар, құжаттар және жалған мөрлер, діни әдебиеттер, қолма-қол ақша, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ қашықтан тыңдауға арналған арнайы техникалық тыңдау құралдары тәркіленген.

«5 наурызда ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен ҰҚК 5-ші департаменті бірлесіп, Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді», – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
«Жедел деректер бойынша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық, оның ішінде құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, сондай-ақ күзет ұйымдарының қызметкерлері де бар. Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. Әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған» , делінген хабарламада.

ҰҚТ мүшелерінің өңірдің ірі өнеркәсіптік объектілерінде, оның ішінде «Арселлор Миттал Теміртау» Акционерлік қоғамында тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылған.

» Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды – бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық.
Полицияға 40 адам жеткізілді. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда», делінген ақпаратта.

Сондай-ақ оқыңыз