Қазақстан санкцияларды айналып өтуге мүмкіндік жасамайды – Айбек Смадияров

Жарияланды
Фото: СІМ

Еліміздегі ешбір компанияға қайталама санция салынған жоқ. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Бүгін аталған министрлікте өткен брифингіде тілшілер шетелдік БАҚ-та Ресей жағы санцияларды айналып, тыйым салынған технологияларды алып жатқаны туралы мәліметтер жарияланғанын айтты. Осы орайда Қазақстанға санкция салу қаупі жайында сұрақ қойылды.

«Елімізде барлық келісімшарттарды алдын ала зерттейтін мамандар мен сарапшылар бар. Атап айтқанда, Қазақстан санкцияларды айналып өтуі үшін аталған елге тиісті мүмкіндік жасамайды. Қазіргі кезде Қазақстандағы ешбір компанияға қайталама санкция салынбады», – деді А. Смадияров.

Сондай-ақ оқыңыз