Қазақстандағы қоқыс полигондарына тасталатын 100 мың тонна пластиктің қазіргі кезде тек 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді. Ел экономикасына миллиондаған қаржы әкеле алатын қалған 96,5 мың тонна пластик полигондарда жерге көміліп, бей-берекет полигондарда шіріп жатыр. Жаңадан тіркелген «Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығы» ЗТБ директоры Батырбек Әубәкіров осылай дейді.
Ал Қазақстанда бар қайта өңдеу зауыттары шикізат тапшылығына байланысты толық өндірістік қуатында жұмыс істей алмай отыр.
«Бұл ретте қайта өңдеуші зауыттар қайта өңделуі тиіс қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өршіл міндет қойып отыр, бұл полигондарға жүктемені айтарлықтай азайтады және олардың ластану деңгейін төмендетеді», деді Батырбек Әубәкіров.
Аталған Қауымдастық Қазақстанның қайталама шикізат нарығында жұмыс істейтін өндіруші Заңды тұлғалар бірлестігі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткенін жариялады. Ынталы топ бұл өндіріс секторының әлемде аса ауқымды өсу перспективасына ие екенін мәлімдеп отыр. Қалдықты қайта пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімді ғана емес, сонымен қоқыс көлемін азайтуға, табиғи ресурстарды үнемдеу мен елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстанда бұл сала мен нарық жедел трансформация, мемлекеттік қолдау мен даму үшін ынталандыруды қажет етеді.