Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің тілшісі
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минут ішінде жетті / Фото: ТЖМ
Өрт 40 шаршы метрге тараған / Фото: ТЖМ

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылды.

Оқиға орнына барған құтқарушылар жиһаз бен тұрмыстық заттардың эанып жатқанын көрген.

«Құтқарушылар баспалдақ арқылы жоғары қабаттардан 5 адамды эвакуациялады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды эвакуациялаған, қалған тұрғындар өз бетінше ғимараттан шыққан», – делінген ақпаратта.

Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, ішінде бесеуі – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

40 шаршы метр аумаққа тараған өрт толық сөндірілді. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Щучинскідегі жағдай

2026 жылдың 27 ақпанына қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханада газ баллоны жарылып, 11 адам қайтыс болды. Дәмхана иесі қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Артынша дәмхана иесінің ұсталғаны хабарланды. Облыс прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 

Облыс әкімдігі қаза болған алты отбасыға 2 млн теңге көлемінде бір реттік төлем жасалғанын хабарлады. Сондай-ақ дәмхана иесі қосымша 2 миллион теңгеден төледі. Өмірлік қиын жағдайға тап болған бес отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтелетін болады. 

Содан кейін премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар басшыларының назарын Щучинск және Семей қалаларында болған оқиғаларды ескере отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударды. Бектенов ТЖМ-ге әкімдіктермен бірлесіп өрт қауіпсіздігін күшейтуді, профилактикалық рейдтер жүргізуді және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз