ҚР Ұлттық Банкі ақша-кредит саясаты туралы баяндамасын жариялады

Жарияланды

Баяндамада болжамның алғышарттары, макроэкономикалық ахуалдың базалық және балама сценарийлері бойынша 2025 жылға дейін даму перспективалары ұсынылған. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Баяндамада төлем балансының ағымдағы шотына қатысты болжам, бүгінгі макроэкономикалық талаптар, ақша, валюта және қаржы нарығының дамуы туралы да мәліметтер бар.

Сонымен қатар, баяндамаға пандемиядан кейін Қытай шекарасының ашылуының Қазақстан экономикасына әсері, әлемде және Қазақстанда электрондық сауданың дамуы: инфляциялық процестер мен монетарлық саясатқа әсері туралы тақырыптарды талдауға арналған бокстар да енгізілген.

Сараптамалық басылым 2022 жылы динамикалық факторлық модель арқылы инфляция факторларын бағалау мен орташа кіріс тұзағы секілді тақырыптарды қамтиды.

Сондай-ақ оқыңыз