ҚР Ұлттық Банкі жаңа коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Жарияланды
Фото: ҚР Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі  2023 жылғы 9 наурыздан бастап ҚҰБ интернет-дүкені – kazcoins.nationalbank.kz/ru арқылы төмендегі коллекциялық монеталар сатуға шығарылатынын хабарлайды.

«Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» монеталар сериясынан AQQÝ:

  • күмістен дайындалған, сынамасы 925/1000, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар тасы орнатылған, сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 4 000 дана;
  • мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – рrооf-like, номиналы 200 теңгелік, таралымы 10 000 дана;
  • мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, таралымы 30 000 дана.

Ғарыш» монеталар сериясынан SALIÝT-1:

  • массасы 41,4 грамм, күмістен және танталдан (күміс сақинасының сынамасы 925/1000, массасы 14,6 грамм, тантал дискісінің массасы 26,8 грамм) дайындалған, диаметрі 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы 2500 дана;
  • мельхиор қоспасынан (МН 25) дайындалған, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – proof-like, номиналы 200 теңгелік, таралымы 10 000 дана.
Сондай-ақ оқыңыз