Заң күшіне енді. Қоғамдық орында былапыт сөз айтқаны үшін 69 мың теңге айыппұл салынады

Жарияланды
Қоғамдық орында балағаттағандарға айыппұл санылады. Фото: www.shutterstock.com

Бүгіннен бастап қоғамдық жерде былапыт сөз айтқандарға 69 мың теңге айыппұл салатын жарлық өз күшіне енеді. Жалпы Қазақстан заңнамасында балағат сөздер үшін жауапкершілік бұрыннан бар. Енді сол үшін салынатын айыппұл көлемі 4 есе артты.

Қаңтар айында Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев Қоғамдық жерде боқтағандар 69 мың теңге айыппұл төлейтінін немесе 30 тәулікке қамауға алынатыны мәлімдеген болатын. Яғни ұсақ бұзалық үшін жауапкершілік күшейтілді.

Қоғамды орында айналасын сыйламай, қоғамдық тәртіпті бұзып, балаған сөз айтқаны үүшін соттың шешімімен 5 АЕК (17 250 теңге) көлеміндегі айыппұл немесе 15 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылады. Ал жаңа редакция бойынша айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге) болады, – деген еді Азамат Құрымбаев.

6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 20 АЕК (69 мың тенге түріндегі жаза) айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді.

Сондай-ақ оқыңыз