АҚШ Мемлекеттік департаменті Бақытжан Төреғожинаны марапаттайды

Жарияланды
премия
Төреғожина батылығы үшін мапатталады Фото: Facebook.com/toregozhina

Қазақстандық құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина АҚШ Мемлекеттік департаментінің IWOC сыйлығының (Әйелдер батылдығы үшін – «Курсив») лауреаты атанды. Бұл сыйлықты құқық қорғаушы адам құқығын қорғау саласындағы ұзақ жылғы еңбегі және Қаңтар оқиғасының құрбандары мен қатысушыларын анықтап, құжаттандырғаны үшін алып отыр.

8 наурызда Ақ үйде марапаттау рәсімін Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мен бірінші ханым Джил Байден жүргізеді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің ресми сайтында жазылған.

«Төреғожина өзінің бүкіл мансабында азап көрген, қатыгездік және саяси қуғын-сүргін құрбаны болғандардың мүддесін қорғап келеді. Ол өз пікірін бейбіт түрде білдіргені үшін қудалауға ұшыраған адамдарды қорғайды және көптеген саяси тұтқындарды босатуды жақтайды», делінген Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде.

Бақытжан Төреғожина Facebook желісіндегі жеке парақшасында құқық қорғау жұмысына көмектесіп жүрген әріптестеріне алғысын білдірді.

«Куәгерлер мен жәбірленушілермен жүздеген сұхбат жазылды, мыңдаған құжат, фотосурет пен бейнематериал жиналды … Біз бұл жұмысты болашақта ешкім тарихқа қиянат жасамауы және осы қаралы күндерде кімдердің алаңға шыққаны ел жадында қалуы үшін жасадық», – деп жазды ол.

2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстанда сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы шеру елдік сипат алып, бас қалаларда көтеріліске, оның арты қантөгіске ұласты.

 Қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болғандардың ресми саны – 232 адам, ал азаптаудан 6 адам қайтыс болған.

Бас прокурор Берік Асылов 2022 жылғы қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы ретінде ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті атады.

Сондай-ақ оқыңыз