БҰҰ: Түркиядағы жер сілкінісінен келтірілген залал 100 млрд доллардан асады

Жарияланды
Фото : Анадолу сайт

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан болған экономикалық шығын 100 миллиард доллардан асады деп болжануда. Бұл туралы Түркиядағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты Өкілі Луиза Винтон хабарлады.

Винтон Түркиядағы апат аймағының 2,7 миллион тұрғыны көшірілгенін, сондай-ақ, 600 мыңға жуық ғимарат қирағанын атап өтті.

«Бүгінгі күнде табиғи апаттан болған шығын мөлшері 100 миллиард доллардан асады деп болжануда», – деді Винтон.

Сондай-ақ оқыңыз