Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін полицейлерді ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен мараттады.
Президент жарлығымен «Айбын» орденін Ішкі істер министрлігінің Шымкент қаласы полиция департаменті «Тұран» ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі Әріпжанов Арман Талғатұлы кеудесіне тағады.
Ол 20 ақпанда өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні құрықтаған.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған тағы бір полицей – Қоңысов Бекен Кеңесұлы. Ол Ішкі істер министрлігінің Жамбыл облысы полиция департаменті Сарысу ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі болып қызмет атқарады.
Бекен Қоңысов Жамбыл облысы Жаңатас қаласында қарулы қылмыскерлерді үстауда батылдық пен ерлік танытқан.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы құтқару-іздестіру жұмысына қатысқан құтқарушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттаған еді.