Шарында қаза тапқан мұғалім «Ерлігі үшін» деген медалімен марапатталды

Жарияланды
Адам өмірін сақтап қалғаны үшін

ҚР Президенті Жарлығымен Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалімді «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

   «Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы «№ 199 мамандандырылған гимназия» КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген құжатта. 

 

Сондай-ақ оқыңыз