Жаңалықтар

Freedom Holding LD Micro конференц-платформасын сатып алды

Freedom Holding конференц-платформа сатып алды Фото:  Freedom Holding Corp

Freedom Holding корпорациясының АҚШ-та тіркелген еншілес кәсіпорны, Freedom U.S. Markets капиталы шағын компаниялар үшін конференция ұйымдастыратын LD Micro конференц-платформасын сатып алды. Бұл туралы холдингтің баспасөз мәлімдемесінде жазылған.

Мәміле құны 8,3 миллион долларды құрады Оның 4 миллионы қолма-қол ақшамен, ал 4,3 миллион доллары Freedom Holding Corp акциялары арқылы төленеді. LD Micro компаниясының бұрынғы иесі SRAX – листинг компанияларға арнайы бағдарламалық жасақтама шығарады. ОЛ LD Micro стиминг іс-шараларының эксклюзивт серіктесі болып қала береді.

«Компания біздің холдингтің бір бөлігіне айналады. Бұл мәміле FRHC брокерлік бизнестің дамуына қосымша серпін береді деп сенемін. LD Micro ресурстарының арқасында біз жаңа эмитенттер мен көптеген инвесторларға қол жеткіземіз. Холдинг талдау жүргізілетін компаниялардың тізімін толықтырып, капитал орналастыру және тарту бойынша жаңа мәміле жасасып, клиенттерімізге тиімді инвестициялық идеяларды ұсына алады», деді Freedom Holding басшысы Тимур Турлов.

LD Micro ұйымдастырған конференциялар қатарында 200-ден астам компания мен бірнеше мың инвестор қатысатын, Лос-Анджелесте өтетін Invitational мен Main Event бар. LD Micro сонымен қатар 2015 жылы іске қосылған өзінің LDMi микрокап индексін басқарады.

Ақпан айында Freedom Holding американдық Maxim Group инвестициялық банкін оның еншілес ұйымы Maxim Financial Advisors-пен бірге 400 миллион долларға сатып алды. Холдинг мәмілені америкалық нарыққа шығу ниетімен түсіндірді.