«Яндекс» Өзбекстанда азық-түлік жеткізу қызметін іске қосты

Жарияланды

 Өзбекстан астанасы Ташкентте Yandex Eats брендімен «Яндекс Еда» тамақ жеткізу қызметі іске қосылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өзбекстан Ресей, Қазақстан, Беларусь және Армениядан кейін аталған сервисті іске қосқан ТМД елдері арасындағы бесінші мемлекет болды. Yandex Еats қосымшасы мен сайты өзбек, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді», – деп мәлім етті компаниядан.

Қазіргі таңда Ташкентте орналасқан 200-ден астам мейрамхана мен кафе «Яндекс Еда» тамақ жеткізу қызметімен жұмыс істейді. Оның ішінде FeedUp, Bon!, Oqtepa Lavash, Yaponamama сияқты танымал тамақтану орындары бар.

Сондай-ақ оқыңыз