Bereke Bank АҚШ санкциясынан шығарылды

Жарияланды
Bereke Bank
Сбербанктің бұрынғы еншілес компанясы санкциядан шықты. Фото: Асқар Ахметуллин

АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында санкциялардан шығарылған тұлғалар мен ұйымдардың жаңартылған тізімін жарияланды. Олардың арасында «Ресей Сбербанкі» АҚ Еншілес компаниясы, яғни қазіргі Bereke Bank бар.

«Сбербанк» АҚ ЕБ Ресейдің Украинаға басып кіргеннен кейін былтыр ақпан айында «Сбербанктің» шетелдік еншілес кәсіпорны ретінде санкцияға іліккен. Былтыр елдегі қаржы жүйесіндегі ірі банк – «Қазақстан Халық Банкі» оның несие портфелін сатып алған болатын.

Санкцияларды алып тастау себебі, қазір банк толықтай қазақстандық компанияға тиесілі.

Былтыр жазда «Бәйтерек» ұлттық холдингі қазақстандық Сбербанкті сатып алды. Қыркүйекте банк ребрендинг жүргізіп, Bereke Bank атауын иеленді.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, бұл банк 1,5 триллион теңге активімен ЕДБ арасында тоғызыншы орында тұр. 1,4 трлн теңгесі – міндеттемелер. Меншікті капитал 131,4 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз