Еуропадағы газ бағасы текше метріне 450 долларға жақындады

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Сәрсенбі күнгі биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, Еуропадағы газ бағасы шамамен 4%-ды жоғалтып, мың текше метріне $450 шегіне жақындаған. Лондон ICE биржасының хабарлауынша, бұл көрсеткіштер 2021 жылдың шілдесінен бері төмендемеген.
Нидерландыда орналасқан Еуропадағы ең ірі хаб – TTF индексі бойынша, сәуір фьючерстері газдың мың текше метріне $479,3 (+0,8%) деңгейінде сауда ашқан. Көп ұзамай баға – 493 долларға (+3,7%) көтерілген. Ал ең төменгі баға – сауда сессиясының жабылуына аз уақыт қалғанда – мың текше метр үшін 454 долларды (-4,5%) құрады. Нәтижесінде соңғы фьючерстер $457 (-3,9%) деңгейінде саудаланған.
Газдың биржалық бағасы өткен жылдың соңынан бері тұрақты түрде төмендеп отырған. Қазіргі көрсеткіштер желтоқсан айының басындағы деңгейден үш есе төмен, ол кездегі баға газдың мың текше метрі үшін кей күндері 1700 доллардан асса, өткен жылдың наурыз айының алғашқы күндері 3900 долларға бағаланған. .
Сарапшылар еуропалық биржадағы газ бағасының төмендеуіне ЕуроОдақ елдерінде жерасты қоймаларындағы жеткілікті газ қорларының болуы, сондай-ақ жылы және желді ауа-райы мен халықтың газ тұтынуда үнемдеуге көшуі себеп болған.
Биржадағы газ құны төмендегенімен, бұл баға көрсеткіштері айтарлықтай жоғары болып саналады. Мұндай жоғары бағалардың тұрақтылығы 1996 жылдан бері қайталанбаған.
Еуропа нарығында газ бағасы 2021 жылдың көктемінде айтарлықтай өсті. Ол кезде газ бағасы мың текше метрі үшін 250-300 доллар аралығында ауытқып тұрған. Ал сол жылы жаздың соңына қарай 600 доллардан, ал күзде 1000 доллардан асып түскен. Өткен қыста баға мың текше метріне 2000 доллар шегін аттаса, көктемнің басында ресейлік энергетикалық ресурстарды импорттауға тыйым салынады деген қауіптен кейін мың текше метрі 3892 долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз