Сәрсенбі күнгі биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, Еуропадағы газ бағасы шамамен 4%-ды жоғалтып, мың текше метріне $450 шегіне жақындаған. Лондон ICE биржасының хабарлауынша, бұл көрсеткіштер 2021 жылдың шілдесінен бері төмендемеген.
Нидерландыда орналасқан Еуропадағы ең ірі хаб – TTF индексі бойынша, сәуір фьючерстері газдың мың текше метріне $479,3 (+0,8%) деңгейінде сауда ашқан. Көп ұзамай баға – 493 долларға (+3,7%) көтерілген. Ал ең төменгі баға – сауда сессиясының жабылуына аз уақыт қалғанда – мың текше метр үшін 454 долларды (-4,5%) құрады. Нәтижесінде соңғы фьючерстер $457 (-3,9%) деңгейінде саудаланған.
Газдың биржалық бағасы өткен жылдың соңынан бері тұрақты түрде төмендеп отырған. Қазіргі көрсеткіштер желтоқсан айының басындағы деңгейден үш есе төмен, ол кездегі баға газдың мың текше метрі үшін кей күндері 1700 доллардан асса, өткен жылдың наурыз айының алғашқы күндері 3900 долларға бағаланған. .
Сарапшылар еуропалық биржадағы газ бағасының төмендеуіне ЕуроОдақ елдерінде жерасты қоймаларындағы жеткілікті газ қорларының болуы, сондай-ақ жылы және желді ауа-райы мен халықтың газ тұтынуда үнемдеуге көшуі себеп болған.
Биржадағы газ құны төмендегенімен, бұл баға көрсеткіштері айтарлықтай жоғары болып саналады. Мұндай жоғары бағалардың тұрақтылығы 1996 жылдан бері қайталанбаған.
Еуропа нарығында газ бағасы 2021 жылдың көктемінде айтарлықтай өсті. Ол кезде газ бағасы мың текше метрі үшін 250-300 доллар аралығында ауытқып тұрған. Ал сол жылы жаздың соңына қарай 600 доллардан, ал күзде 1000 доллардан асып түскен. Өткен қыста баға мың текше метріне 2000 доллар шегін аттаса, көктемнің басында ресейлік энергетикалық ресурстарды импорттауға тыйым салынады деген қауіптен кейін мың текше метрі 3892 долларды құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен болатын.
Еуропадағы газ бағасы текше метріне 450 долларға жақындады
Сондай-ақ оқыңыз
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Қазақстан ЕуроОдақпен визалық режимді жеңілдетуді қарастырып жатыр
- Оқу уақыты ~ 2 мин. 2025 жылы Ұлттық қордан әр балаға 129 доллардан аударылады
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Жапониялық SoftBank ChatGPT-ге 25 млрд долларға дейін инвестиция салады
- Оқу уақыты ~ 8 мин. Желідегі әдеп ережелері
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Швеция Украинаға 1,2 млрд долларға әскери көмек жібереді
- Оқу уақыты ~ 5 мин. Миллионерлер дауы: Ыдырысов пен Сәрсенов 13 жыл бойы алтын өндіретін компания үшін таласып келеді
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Энергетикалық сусын ішіп қайтыс болған азаматтың жүрегі басқа науқасқа салынды
- Оқу уақыты ~ 5 мин. USAID бағдарламалары тоқтаса, Қазақстан қандай мүмкіндіктерден айырылуы мүмкін
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Дүниежүзілік Банк: Қазақстан экономикасы 2025 жылы 5%-ға өседі
- Оқу уақыты ~ 6 мин. Тоқаевтың қатаң ескертуінен кейін Перуашев «штрафстан» деген сөзінің қателік болғанын айтты
- Оқу уақыты ~ 2 мин. Қолма-қол ақшаны ең көп пайдаланатындар - алматылықтар
- Оқу уақыты ~ 3 мин. Қазақстандық компания Ресей зымырандарының өндірісіне қажет шикізат жеткізіп отырған