Криптовалютаны заңсыз айырбастаумен айналысқандардан 342 мың доллар тәркіленді

Жарияланды
ABS Change криптоайырбастау пунктінің жалпы айналымы 34 млн долларды құрайды.

Қазқстан Республикасының 3 азаматы «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді заңсыз айырбастаумен айналысқан. Оларды Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті әшкереледі.

Алдын ала есеп бойынша, «Binance» платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн (33 737 980) АҚШ долларын құрады.

Аталған азаматтар АХҚО алаңынан тыс жерде заңсыз жұмыс істеген. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында криптовалютаны айырбастаған.

«Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді.»Binance» платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды», делінген агенттік таратқан мәліметте.

Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз