Франция соты Мұхтар Әбілязовке сотқа келмегені үшін айыппұл салды – БТА

Жарияланды
Сот  Әбілязовке айыппұл салды kursiv.media
Сот Әбілязовке айыппұл салды, Фото: kursiv.media

2023 жылғы 7 наурызда Франциядағы Экс-ан-Прованс қаласының апелляциялық соты Мұхтар Әбілязовке сотқа келмегені үшін айыппұл салды. Әбілязов сотқа келмеуінің себебін саяси қуғын көруімен түсіндірмек болған. Ал сот оның бұл дәлелін қабылдамай тастапты. Бұл жайында БТА банктің ресми хабарламасында жазылған.

Мұхтар Әбілязов 2021 жылдың 15-16 маусымында Экс-ан-Прованс сотына келуі тиіс еді. Бұнда одан жауап алынуы керек болған. Кездесу алдындағы соңғы сәтте Әбілязов өз адвокаты арқылы саяси қуғынға ұшыраймын деп қауіптенетінін жеткізіп, француз сотының талабын орындаудан бас тартқан.

Кейінірек БТА банк Әблязовқа сотқа келмегені үшін айыппұл салу туралы өтініш берген.

«Апелляциялық сатыда сот Мұхтар Әбілязовтың 2018 жылы да осындай шақыртумен келгенін анықтады. Әбілязов алдымен Англияда, одан кейін Францияда босқын мәртебесінен айырылған. Сондықтан ол сотқа келмеуге босқын мәртебесін пайдалана алмады. Оның үстіне тергеу соты бұған дейін сот бақылау шарасын тағайындаған. Ол бойынша Әбіләзов сот талап еткен кезде бірден келуі керек еді. Мұхтар Әбілязов Экс-ан-Прованс қалалық сотының шақыртуына келмей, бұл талапты бұзды», делінген банк хабарламасында.

2023 жылдың 7 наурызында Экс-ан-Прованс апелляциялық соты Мұхтар Әбілязов сот шақырғанда келмеді деп, айыппұл салу туралы шешім шығарған.

БТА Банктің хабарлауынша, Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары сот процестеріне қатысудан бірнеше рет бас тартып, көптеген сот шешімін бұзған. Соның ішінде АҚШ-та олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалағаны да бар.

Сондай-ақ оқыңыз