Bereke Bank санкциялық тізімнен шығарылуына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Bereke bank
Береке банк енді санкциядан азат. Фото: kursiv.media

Bereke Bank ресми түрде санкциялардан шығарылғанын хабарлайды. 2023 жылдың 8 наурызында АҚШ Қаржы министрлігінің Шетел активтерін бақылау жөніндегі басқармасы (OFAC) қаржы институтын Specially Designated Nationals (SDN) санкциялық тізімінен және секторлық санкциялар тізімінен (SSI) шығарды.

Санкцияларды алып тастауға акционердің және банктің атауының өзгеруі ықпал еткен. Естеріңізге салсақ, 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі ЕДБ-ның негізгі акционері. Қыркүйекте банк ребрендинг жүргізіп, Bereke Bank атауын иеленді.

«Банк санкциялар кезінде өз қызметін тоқтатқан жоқ және халық пен бизнеске үзбей қызмет көрсетті. Шектеулер көбінесе валюталық операциялар, атап айтқанда, АҚШ долларында, еурода жасалатын операциялар, сондай-ақ  корреспонденттік банктік қатынастар және шетелдік сервистерге қатысты болған», – делінген хабарламада.

2023 жылдың басында Банк пруденциалдық нормативтерге сәйкес капиталдың жеткіліктілік коэффициентін теңестіре алды. Әрі барлық негізгі көрсеткіштерін жақсартқан. Қаржы ұйымының басшысы Андрей Тимченконың айтуынша, санкциялардың алып тасталуымен байланысты банкті сапалы дамыту және нығайту бойынша алға үлкен жоспарлар қойылды.

Ұлттық банк мәліметі бойынша, бұл банк 1,5 триллион теңге активімен ЕДБ арасында тоғызыншы орында тұр. 1,4 трлн теңгесі – міндеттемелер. Меншікті капитал 131,4 млрд теңгені құрайды. 

Сондай-ақ оқыңыз