Энергетика министрі КҚК-ға балама мұнай құбырын салуға қанша уақыт кететінін айтты

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Экспортқа шығарылатын қазақ мұнайын Каспий теңізіне жеткізетін мұнай құбыры құрылысына бес жыл кетуі мүмкін. Хьюстонда өткен CERAWeek энергетика конференциясында Қазастанның энергетика министрі Болат Ақшолақов осылай деген. Бұл туралы министрдің сөзіне сәлтеме жасай отырып Bloomberg хабарлайды.

«Ақшолақов Қазақстан экспортқа кететін мұнайды Каспий теңізіне жеткізетін жаңа құбыр салуды жоспарлап отырғанын айтты. Бірақ мұндай жобаны әзірлеу бес жылға созылуы мүмкін, сонымен қатар жаңа мұнай танкерлері қажет», деп жазады басылым.

Мақалада министр Қазақстан мұнайы экспортында Ресейге тәуелділікті азайту үшін тасымалды әртараптандыру басты мәселе деп атап өткені жазылады.

КҚК – Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық бағыты. Бұл бағыт арқылы мұнай айдау бірнеше рет тоқтаған болатын.

Консорциумның қуаттылығы – жылына 67 млн тонна мұнай тасымалдай алады. Ол Қазақстанның батысы мен Каспий қайраңындағы ресейлік мұнай кен орындарын Новороссийсктегі теңіз терминалымен байланыстырады. Ұзындығы –1511 км. Бұл қазақ мұнайының негізгі экспорттық жолы.

Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалындағы былтырғы апаттан кейін, Энергетика министрлігі ел мұнайын экспорттау балама жолдарын қарастырып жатқанын хабарлады.  

Санарапшылар Каспий Құбыр Концорцумында туындаған проблемалар еліміздің ЖІӨ өсіміне кері әсер етуі мүмкін деп мәлімдеген еді. Өйткені ел экjномикасы үшін өндірілген мұнайдың дер кезінде тасымалданып, уақтылы сатылып отырғаны маңызды.

Сондай-ақ оқыңыз