Жаңалықтар

Нидерланд Қытайға чиптерді экспорттауды доғарады

Фото:tengrinews.kz

Нидерланд жартылай өткізгіштерге қатысты технологияларды Қытайға экспорттауды доғарады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Осыған дейін АҚШ билігі де осындай шешім қабылдаған болатын. Нидерланд үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған шара. Бұл ел Жапониямен қатар чип шығаруға қажетті технологиялардың негізгі өндірушілері. АҚШ Қытайдың әскери дамуын тежеу үшін жартылай өткізгіштердің бұл елге экспортын шектеген.