Бұрынғы Қорғаныс министріне қатысты сот үкіміт шықты. Бұл туралы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотқа сілтеме жасап, inbusiness.kz порталы жазды.
“М.Бектанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабының 3-бөлігі бойынша 2023 жылғы 24 ақпандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімімен сотталды. Оған 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды», – делінген хабарламада.
Мұрат Бектанов 2021 жылдың 31 тамызында Қорғаныс министрі болып тағайындалған болатын. 2022 жылдың басында болған Қаңтар оқиғасынан кейін, қызметінен шеттетілген еді. Ал, өткен жылы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған болатын.