QazaqGaz 2025 жылы IPO-ға шығуға дайын

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Бұл жайлы QazaqGaz басшысы Санжар Жаркешов Хьюстонда өтіп жатқан CERAWeek халықаралық энергетикалық конференциясында мәлімдеді.
Атап айтқанда, Жаркешов компанияның 2025 жылға қарай акцияларын жария сатылымға шығаруды бастамақ.

«Жаңа ұлттық компания ретінде біз 2025 жылға дейін IPO-ға дайындалып, ESG-ге көп көңіл бөлеміз», деді ол.

ESG (environment, social, governance) «экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару» дегенді білдіреді. Кең мағынада бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, жоғары әлеуметтік жауапкершілік және жоғары сапалы корпоративтік басқару принциптеріне негізделген коммерциялық қызметтің тұрақты дамуы.

Бұған дейін аталған форумда «ҚМГ» басшысы Мағзұм Мырзағалиев те сөз сөйлеп, қазақстандық мұнай сортының санкциялық тәуекелді қалай еңсергенін баяндап берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз