«Теңізде» техникалық жұмыстарға байланысты мұнай өндіру қысқарды

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

«Шеврон» компаниясының өкілі «Теңізде» алты өндірістік желінің бірі уақытша тоқтағанын растады, деп жазады Интерфакс-Қазақстан агенттігі.
«Бұл қондырғыдағы өндірістік қызмет жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қайта жанданады», делінген ақпаратта.
Мұндай жағдай ақпан айында да қайталанған. Ол кезде де кен орнында алты өндірістік желінің біріндегі қондырғыны жоспардан тыс жөндеу нәтижесінде «Теңіз» кенішіндегі өндіріс көлемі төмендеген.
«Теңіз мұнай-газ» кен орны Қазақстандағы ең ірі кен орындарының бірі болып саналады. Мұнай қоры 3,2 млрд тонна, Атырау облысында (елдің батыс бөлігі) орналасқан. ТШО Қазақстанның Атырау облысындағы «Теңіз» және «Королевское» мұнай-газ кен орындарын игеруде. «Теңізшевройл» ЖШС қатысушылары: «Шеврон» (50% үлес), ExxonMobil (SPB: XOM) Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы.
«Теңізшевройл» 2022 жылы 29,2 миллион тонна мұнай өндірсе, 2023 жылы мұнай өндіруді 4,5 пайызға азайтуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз