Ұлыбритания мигранттарды депортациялайды

Жарияланды
Фото:interaffairs.ru

Ұлыбритания үкіметі заңсыз көші-қонмен күресті күшейтпек. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Арнайы әзірленген заң жобасына сәйкес Ла-Манш бұғазы арқылы корольдік аумағына қайықпен жеткен мигранттарға баспана беруге тыйым салынады. Премьер-министр Риши СУнактың айтуынша, егер заң қабылданса, босқындар бірден ұсталып, депортацияланатын болады. Билік өкілдерінің бұл мәселені басты назарға алуының себебі соңғы кезде заңсыз мигранттар саны күрт көбейді. Тек былтырдың өзінде Ұлыбританияға қайықпен 45 мыңнан астам босқын келген. Десе де, БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары заң жобасын сынға алып отыр. Оның пікірінше, бұл тыйым жаһандық ұйымның босқындар мәртебесі туралы конвенциясына қайшы келеді.

Сондай-ақ оқыңыз