Еңбекке нарығында жастардан гөрі зейнет жасына жақындаған жандар басым

Жарияланды
Еңбек нарығында жастардың қатары аз. Фото:shutterstock.com

Еңбек нарығында зейнеталды жастағы (55-тен 64 жасқа дейін) жұмыспен қамтылғандар саны 3,8% өсіп, 1 млн адамға жеткен. Ал 16 мен 24 жас аралығындағы жұмыспен қамтылғандар саны да 2,8% азайып, 995,3 мың адамды құрады. Осылайша, жалпы, жұмысы бар немесе табысты іспен айналысатын жастардың саны (15 жастан 34 жасқа дейін) бір жылда 1,9% азайды, деп жазады finprom.kz.

2022 жылдың үшінші тоқсанында Ұлттық статистика бюросы лайықты еңбек көрсеткіштеріне зерттеу жүргізген. Зерттеуге сәйкес, Қазақстанда жұмыс істейтін немесе табысты іспен айналысатын 9 млн адам бар. Бір жыл ішінде мұндай қазақстандықтар саны 1,8% артқан. Соның ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 6,8 млн болған, бұл 2021 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 2,3% артық. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны өзгеріссіз қалды деуге болады- 2,1 млн адам.

Жалпы жұмыс күші арасында жұмыспен қамтылғандар үлесі 95,1%-ды, ал 15 жастан асқан халықтың ішінде жұмыспен қамтылғандар үлесі 65,5%-ды құрады.

Жас бойынша алар болсақ, жұмыс істейтіндердің басым бөлігі 25 пен 34 жас аралығындағы жастар: 2,6 млн адам. Одан кейін 35 пен 44 жас аралығындағы жұмысшылар келеді: 2,4 млн. Бұл ретте 25 пен 34 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған халық бір жылда 1,5% азайса, 35 пен 44 жас аралығындағы жұмыспен қамтылғандар саны бірден 7,5% өсті.

Бірнеше жұмыс істеп қосымша табыс алғысы келетін жұмыспен қамтылғандар саны үш жыл қатарынан азайып келе жатыр. 2019 жылы мұндай азаматтар жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 5,2%-ын құраса, 2022 жылдың өзінде олардың үлесі 2,4%-ға немесе 211,3 мың адамға дейін азайған.

Сондай-ақ оқыңыз