Финляндия Украинаға 29 млн еуро көлемінде қаржылық көмек бөлді

Жарияланды
Фото: Анадолу

Финляндия Украинаға гуманитарлық көмек пен ынтымақтастықты нығайту үшін 29 миллион еуро көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Киев бұған дейін қаржылық қолдау үшін Хельсинкиге жүгінген еді.

Киевке бөлінген соманың 15 млн еуросы гуманитарлық көмекке, ал 14 млн еуро – дамыту саласына жұмсалады.

Гуманитарлық көмектің бір бөлігі азаматтық қоғам ұйымдары арқылы жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыз