Қаңтар айында мемлекеттік бюджет шығысы 1,6 трлн теңгені құрады

Жарияланды
Бюджет шығысы бір жылда үштен бір есе өскен. Фото: www.shutterstock.com

2023 жылдың бірінші айында мемлекеттік бюджет шығысты 1 611,7 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,1%-ға артық, деп жазады Экономикалық зерттеулер институты.

Шығыстың өсуіне бірқатар салалардағы шығынның артуы себеп болған:

  • Білім саласы – 82,4 млрд теңгеге немесе 45,5%-ға;
  • Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 61,4 млрд теңгеге немесе 17%-ға;
  • Денсаулық сақтау – 49,2 млрд теңгеге немесе 22%-ға;
  • Қорғаныс – 42,7 млрд теңгеге немесе 64%-ға.

Мемлекеттік бюджет шығынының артуына негізінен халыққа қамтамасыз ету үшін сатып алатын тауар мен қызметтер бағасының өсуі себеп болған.

Айта кету керек, қарыз өтеу шығыны 7%-ға өсіп, 165,8 млрд теңгені құрады.

Мемлекеттік қаржы шығысының құрылымында қарыз өтеу шығындары 10,8%-ды құрады. Бұл ретте мемлекет шығыстарының үштен екісіне жуығы білім беру (17,1%), денсаулық сақтау (17,8%) және әлеуметтік көмек пен қамсыздандыруға (27,4%) жұмсалды.

Сондай-ақ оқыңыз