Қазақстан биылдан бастап Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдайды

Жарияланды
Қазаұ мұнайы Әзірбайжан арқылы тасымалданатын болады. Фото: shutterstock.com

2023 жылы Қазақстан Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.

Василенконың айтуынша, Қазақстан өз аумағы арқылы өтетін барлық бағыттағы экспорт пен транзитке ашық.

«Қазір тек Шығыс – Батыс қана емес, Солтүстік – Оңтүстік бағыты да бар. Оңтүстік бағыт Түрікменстан мен Иран арқылы өтеді. Былтыр президент Иранға барып, тауарды Түркия арқылы сол елге жіберу бойынша келісімдер жүргізді», деді вице-министр.

Сондай-ақ қазір Қазақстан арқылы мұнай тасымалдау бірнеше бағыт бойынша жүргізілетінін айтты.
«Оған Ресей арқылы өтетін бағыттар да кіреді. Каспий құбыры консорциумы, Атырау – Самара құбыры, Махачкала – Ақтау бағыттары болды. Биылдан бастап Ақтау – Баку бағытындағы тасымалдау іске қосылады», – деді Роман Василенко.

Осылайша мұнай тасымалы Әзербайжан арқылы жолға қойылады.

Сондай-ақ оқыңыз