Прокуратурада суицидтің алдын алған полицейлер марапатталды

Жарияланды

Ағымдағы жылдың Алматы қаласы Түрксіб аудандық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, аға инспекторлар Санжар Әбдірайымов пен Құдайберген Тоғжанов азаматтың өзіне-өзі қолжұмсау әрекетінің алдын алды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.

Ер адам, жол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің қоршауынан қолына ілініп тұрған.Жол қозғалысын тоқтатқан полицейлер жүк көлігін, өзін тастап жіберуге әрекеттенген ер адамның астына әкеліп қойды.

Осы  әрекеттер арқылы адамның өмірін сақтап, қайғылы оқиғаны болдырмаудың мүмкіндігі туды.

10 наурызда Түрксіб ауданының прокуроры  Ізбасар Масақбаев, адамды құтқару бойынша жедел және үйлесімді жұмысты қамтамасыз еткені үшін, инспекторларға алғысын білдіріп, оларды атаулы қол сағаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыз