Қос мемлекеттің бірлескен жол картасында тігін фабрикаларын көбейтіп, тоқыма кластерін ұйымдастыруға басымдық берілген. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.
Осыған орай Шымкенттегі тоқырауға ұшыраған кәсіпорындарда көрші елдің тәжірибесі қолданылады.
Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында екі елдің бірлескен бір ғана тігін фабрикасы жұмыс істейді. 2019 жылы құрылған кәсіпорында 120 адам тұрақты еңбек етеді. Ресей мен Түркіменстан еліндегі арнайы мекемелерге жұмыс формасын тігіп, ішкі нарыққа киім-кешек саудалайды. Осылайша ісмерлікті кәсіп қылған мамандар жылына 1 миллиард теңгенің өнімін шығарады.