Түркі мемлекеттері ұйымы сыртқы істер министрлерінің кеңесі Анкарада өтеді

Жарияланды
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. Фото: kursiv.media

16 наурызда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Анкарада жиналады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«2023 жылдың 16 наурызында Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Қазақстан атынан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров қатысады. Отырысқа қатысушылар Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін талқылайды», деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ мемлекет басшыларының қол қоюы жоспарланған құжаттардың түпкілікті жобасын бекітеді.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттері ұйымына Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз