KazChess Awards: Тимур Турлов үздік шахматшыларды марапаттады

Жарияланды
KazChess Awards
KazChess Awards сыйлығы табысталдды / Фото: ҚШФ баспасөз қызметі

Алматы қаласында KazChess Awards сыйлығы табыстау сатанаты өтті. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов шахмат қоғамдастығының үздік өкілдеріне 9 аталым бойынша сыйлық табыстады.

«Өткен маусым бойы біздің спортшылар жарыстарда керемет нәтиже көрсетті. Әрбір жеңістің артында ата-ана, бапкерлер штабы сіңірген және, сөзсіз, спортшылардың өздері атқарған қажымас еңбек жатыр. Сол үшін де біз шахмат қоғамдастығының үздік өкілдерінің сіңірген еңбектерін мойындау үшін осы марапатқа бастама жасадық. Біздің спортшыларымыз, сөзсіз, ең мықты спортшылардың бірі, олар өз жетістерімен Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуда, бірақ одан да маңыздысы – өскелең ұрпақты шахматпен айналысуға әрі бұдан да орасан зор жеңістерге қолжеткізуге ынталандырып, оларға нағыз үлгі болу», деді Тимур Турлов.

Марапатқа ие болғандар:

  1. «Әйелдер арасында жыл спортшысы» – әйелдер арасында жылдам шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева.
  2. «Ерлер арасында жыл спортшысы» – ерлер арасында блицтен Азия Чемпионы Ринат Жұмабаев.
  3. «Жыл көшбасшысы» – 44-ші Халықаралық шахмат олимпиадасының қола жүлдегері Жансая Әбдімәлік.
  4. «Жыл үздігі» – әйелдер арасында жылдам шахматтан вице-чемпионы Динара Сәдуақасова.
  5.  «Жыл жаңалығы» – 18 жасқа дейінгі жылдам шахматтан әлем чемпионы Нөгербек Қазыбек.
  6. «Жыл үміті» – 14 жасқа дейінгі қыздар арасында жылдам шахматтан әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева.
  7. «Жыл ұйымдастырушысы» – Алматы облысы және Жетісу облысының шахмат және үстел ойындары федерациясының президенті Саят Егембердиев.
  8.  «Жыл бапкері» – ҚР еңбек сіңірген бапкері және әлем, Азия және ҚР чемпиондарының және чемпионат жеңімпаздарының жетекшісі Ержан Шәкенов.
  9. «Жыл судьясы» –  Халықаралық класты судья Олег Ринас.

Бұл марапат – біздің елімізде шахматты дамыту мен қолдау бойынша ауқымды әрі кешенді жұмыстардың бір бөлігі, сол арқылы біз көрнекті споршыларымыздың арасынан әлі-ақ нағыз саңлақтарды тәрбиелеп шығарамыз», деді федерация басшысы.

Freedom Holding бас директоры Тимур Турлов 2023 жылдың қаңтарында Қазақстан шахмат федерациясының президенті болды. Былтыр жыл соңында Freedom Broker компаниясының қолдауымен Қазақстанда шахматтан әлем чемпионаты өтті.

 Осы әлем чемпорнатында Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионы атағын қорғап, осы турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанса, әйелдер арасындағы рапидте Динара Сәдуақасова екінші орын алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз