Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды сатылымға шығарады

Жарияланды
Нацбанк не планирует участвовать в программах льготного кредитования

Қазақстан Ұлттық Банкі  2023 жылдың 14 наурызынан бастап  «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL және AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталарын сатуға шығара бастайтынын хабарлады.  

MUHTAR ÁÝEZOV. 125 JYL коллекциялық монеталары:

– номиналы 500 теңгелік күміс монеталарының массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы 2 000 дана;

– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.

AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL коллекциялық монеталары:

– номиналы 500 теңгелік күміс монеталардың массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы – proof, таралымы – 2  000 дана;

– номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан (МН 25) тұратын монеталардың массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 20 000 дана.

Сондай-ақ оқыңыз