Иранда наразылық шерулеріне қатысқан тағы 22 мың адамға рақымшылық жариялады

Жарияланды

Иран билігі былтыр күзде наразылық шерулеріне қатысқан тағы 22 мың адамға рақымшылық жариялады. Бұл туралы Хабар 24 сайты хабарлады.

Бұл туралы осы елдің сот жүйесінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эджей мәлімдеді. Жалпы жергілікті билік тәртіпсіздіктер басталғалы елде амнистияға іліккен азамттардың саны 82 мыңнан асады дейді.

Иранда толқулар былтыр қыркүйек айында бұрқ ете қалған еді. Оған Махса Амини есімді студент қыздың әдеп полициясының қолынан қаза табуы түрткі болды. Жаппай шерулер қақтығыстарға ұласып, жүздеген адам көз жұмды.


Сондай-ақ оқыңыз