Мемлекет басшысының ветеринария жұмысын реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық қызметке талдау және аудит жүргізген. Нәтижесінде ветерианрия саласын жетілдіру бойынша нақты шаралар әзірленгеніп, депутаттардың ұсынысымен, ветеринарияға қатысты жаңа заң жобасы дайындалған екен.
Онда мал шаруашылығында орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселесі, процестертді цифрландыру, кадрлар дайындау, мамандардың біліктілігін арттыру, деректерді жинау, ветеринария саласындағы мамандардың жалақысын артыру сынды мәселелер түгел қамтылған. Мамандар, бұл заң жобасы ветринария жүйесін реформалауға септесетініне сенеді.
Ауыл шаруашлығы миистрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев цифрландыру жұмысы оңтайлы жүргізіліп жатқанын, пилоттық режмде іске қосылған қосымша тиімділігін дәлелдегенін айтты.
«Жануарларды тіркеу үшін мал иелеріне арналған мобильді қосымшаға көшу жұмыстары, одан кейін ветеринарды жұмысқа ынталандыру үшін де бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл өз кезегінде мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың мал басын тіркеу жұмыстарын оңай жүргізуіне, ветеринариялық паспорт беру қызметін жеңілдетуге көмектеседі. Сонымен бірге мемлекеттік қызметтерді алу, малды сою, сату процестері туралы ақпарат енгізіліп, жануарлар мен иелеріне қатысты қате жіберлімейтін болады», дейді Асқар Жақыпбаев.
Министрлік өкілі сонымен бергі Vetlab цифрлы модулі де іске қосылғанын, 2022 жылдан бері бұл жүйе арқылы 21.4 миллион лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді.
Кадр тапшылығын қалай шешілмек?
Ал кадр дайындау мәселесіне келсек, министрлік тарапынан аграрлы ЖОО-на ветеринарияға қатысты қойылатын талап міндеттер бекітіліп, білім беру бағдарламалары жаңартылған. Бұл бағдарламаларды жасауда жұмыс берушілердің ветеринарға қойылатын талап, мүдделері түгел ескерілгенін айтады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы саласына қатысты мамандықтарға берілетін ауылдық квота мөлшері 30 пайыздан, 35 пайызға артқан. Бұл орайда гранттар көбейген. Бұрын 825 грант бөлінсе, биыл 925 грантқа көбейген. 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда ветеринария саласы мамандарының жалақысы да 50 пайызға өскен. Мәселен, жоғары білімді ветеринардың жалақысы 2023 жылы 145-282 мың теңгені құрайды. Оның ішінде 145-151 мың төңірегіндегі төмен мөлшердегі жалақы Шымкент пен Қызылорда өңірлерінде тіркелген. Ал елдің 12 өңірінде жалақы 200 мыңнан жоғары.
Сондай-ақ, бұған дейін қауіпті індет ошақтарында жұмыс істейтін мамандарға сауықтыруға деп ақша төленбейтін болған. 2023 жылдың 1 қаңтарында заңнамаға нормативтік өзгерістер енгізіліп, енді аса қауіпті ауру ошақтарында жұмыс істейтін мамандарға қосымша төлемақы бөлінеді. Сондай-ақ ветеринарлар өмірін қатерге тіккені үшін сауықтыруға екі жалақы мөлшерінде төлемақы алады. Жалпы, ветеринар мамандардың жалақысын көтеріп, әлеуметтік жағдайын оңтайланлыру үшін мемлекеттік бюджеттен 9,2 млрд теңге арнайы бөлінген екен. Бұл қаражат еліміздегі 12 мың маманға төленбек.
«Қазіргі таңда кадр тапшылығы бар. Бұл мәселені ешқашан жасырған емеспіз. Бізге негізінде республика бойынша 13 мың маман керек. Бірақ бұл бос орындар жыл аяғына дейін мамандармен толығады деп сенеміз. Бұрын жалақы төмен болған. Сонымен бірге жастар ауылға барғысы келмейді. Десе де, өткен жылы, биыл да жалақы көтерілгелі жағдай реттеліп қалғаны байқалады.Келесі жылдан бастап, заң жобасы қабылданса, мал дәрігерлерінің жалақысы көтеріліп, бұл салаға қызығушылық арта түспек» дейді Асқар Жақыпбаев.
Ал Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының бас маманы Бақыт Насырханова бөлінген гранттар кадр тапшылығы мәселесін шешуге еш көмектеспейтінін айтады. Себебі, осы оқу жылына бөлінген гранттың 50 пайызы игерілмеген.
«Биыл грант көбейді. Бірақ бұл жерде бір түйткіл бар. Мәселен, мамандар ауылға барады. Бірақ біраздан соң, қайтып келіп жатыр. Неге? Себебі, ол жерде жағдай жоқ. Инфраструктура жоқ. Балабақша, мектеп мәселесі де қиын. Сол себепті де, жаңағы маман қайтып келіп, мемлекет грантына бөлінген қаражатты өтеуге мәжбүр. Ал жекеменшік шаруашылықтар жұмысқа өз адамын алады. Мәселен, 925 гранттың 574-і игерілмей қалды. Өйткені ветеринария саласына қызығушылық жоқ», дейді Бақыт Насырханова.
Маман жергілікті атқару органдары дұрыс жұмыс істеуі керек деп санайды. Өйткені «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен барған маманға да жағдай жасалмайтынын айтады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы өте нашар жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша ақша бөлінгенімен, оны жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Олардың тарапынан, жұмыс өте нашар орындалады. Аз қамтылады. Студенттер барғанын, ауылда арлы-берлі жүріп, не жұмыс берілместен, не жағдай жасалмастан қайтып келгендерін айтады.
«Серпін» бағдарламасымен 72 грант бөлінді. Бірақ бірде-бір маман бұл бағдарламамен ауылға бармады. Бұл мәселені кешенді шешу керек. Бюрократия! Қағазбастылық! Барлық жерде емес. Кей обылстар мамандарды жақсы қабылдап, бізге маман қажет екенін айтып, сұраныс жіберіп жатады. Енді бір өңірлер мүлде жұмыспен қамтымайды» деп қынжылады маман.
Дөңгелек үстел барысында оқуды бітіріп келген жас мамандардың біліктілігі жетпейтіні, жаңа технологияларды меңгере алмай жататыны да тілге тиек етілді. Министрлік өкілі бұл мәселелерді шешуге үкімет қарауына ұсынылған жаңа заң жобасының септігі тиеді деп сенеді. Сонымен қатар жаңадан құрылатын статуарлық ветеринарлық орган да бұл саланың біраз түйткілін шешпек.