Алматыда студенттер үшін төрт құзыреттілік орталығы ашылады

Жарияланды

Алматыда бүгін тігін саласының құзыреттілік орталығы ашылды. Онда студенттер тігін ісі бойынша тәжірибеден өте алады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нысан заманауи цифрлық тігін машиналарымен және басқа да инновациялық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда алты шеберхана мен бес оқу аудиториясы бар. Жобалық қуаты 75 орынға есептелген.

Орталықта мүмкіндіктері шектеулі студенттер де оқи алады.

«Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жол картасы шеңберінде құзіреттілік орталықтарының ашылуы ТжКБ ұйымдарында баса назар аударылып отырған жұмысшы мамандықтарының арттыруға мүмкіндік береді», – деді Алматы әкімі орынбасары Әсем Нүсіпова.

Қалада мемлекеттік колледждер базасында барлығы үш құзыреттілік орталығы жұмыс істейді. Биыл тағы төрт құзырет орталығы ашылады. Мамандығы басқа болса да, студенттер осы жерде тәжірибеден өте алады.

Сондай-ақ оқыңыз