Колумбияда шахтада жарылыс болып, 11 адам мерт болды
Жарияланды

Колумбияның Сутатауса муниципалитетіндегі шахталарда бірнеше жарылыс болып, 11 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты El Tiempo басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Жарылыс кезінде шахталарда 30-дан астам кенші болған. Кундинамарка губернаторы Николас Гарсиа Бустос Twitter-де жазғандай, жергілікті уақыт 05.20-дағы (астана уақытымен 16:20) жағдай бойынша, туннельде 17 адам қалып отырды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
El Tiempo-ның жазуынша, Сутатаусадағы көмір шахталарында жарылыс сейсенбі күні кешке болды. Іле-шала көршілес 4 шахтада жарылыс естілген.