Колумбияда шахтада жарылыс болып, 11 адам мерт болды

Жарияланды
Фото:zhaikpress.kz

Колумбияның Сутатауса муниципалитетіндегі шахталарда бірнеше жарылыс болып, 11 адам қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат сайты El Tiempo басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Жарылыс кезінде шахталарда 30-дан астам кенші болған. Кундинамарка губернаторы Николас Гарсиа Бустос Twitter-де жазғандай, жергілікті уақыт 05.20-дағы (астана уақытымен 16:20) жағдай бойынша, туннельде 17 адам қалып отырды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

El Tiempo-ның жазуынша, Сутатаусадағы көмір шахталарында жарылыс сейсенбі күні кешке болды. Іле-шала көршілес 4 шахтада жарылыс естілген.

Сондай-ақ оқыңыз